Қысқы Олимпиаданың кезекті жарыс күні қазақстандық спортшылар үшін қалай өтті?

Сарапшы, спорт журналисі

Қысқы Олимпиаданың казекті жарыс күні аяқталды. Әзірге еліміздің қоржынында бір алтын жүлде бар.

Қысқы Олимпиаданың кезекті жарыс күні қазақстандық спортшылар үшін қалай өтті?
ҰОК

Қазақстандық спортшылар үшін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының 14-жарыс күні аяқталды.

20 ақпанда және 21 ақпанға қараған түні Қазақстан үш спорт түрінде өнер көрсетті.

Конькимен жүгіруден нәтиже қандай?

Конькимен жүгіру спортында әйелдер арасында 1500 метр қашықтыққа жарыстар өтті. Бұл сында ел намысын Арина Ильященко, Елизавета Голубева және Надежда Морозова қорғады. Голубева ең үздік нәтиже көрсетіп, 7-орын алды. Морозова 12-орында мәреге жетсе, Ильященко 24-орынға тұрақтады.

Фристайл-акробатика

Ерлер арасындағы фристайл-акробатикада Қазақстан атынан Роман Иванов, Асылхан Асан, Дінмұхаммед Райымқұлов және Шерзод Хаширбаев бақ сынады. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Иванов 13-орынға, Хаширбаев 16-орынға, Асан 18-орынға, ал Райымқұлов 19-орынға жайғасты. Осылайша, қазақстандық спортшылардың ешқайсысы финалға өте алмады. Финалға үздік алты фристайлшы жолдама алды.

Шорт-трек

Шорт-тректе әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта жарыстар өтті. Бұл сында Ольга Тихонова мен Яна Хан өнер көрсетті. Тихонова өз жарысында төртінші, Хан бесінші болып келді. Нәтижесінде, екі спортшы да жартылай финалға өте алмады. Жартылай финалға әр жарыстан үздік үш спортшы және төртінші орын алғандар арасындағы ең жылдам үш шорт-трекші өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір