Жуырда Алик Шпекбаев Алматы қалалық волейбол федерациясының президенті болып тағайындалды.
Қазақстанның құқық қорғау жүйесінде ұзақ жылдар қызмет атқарған Алик Шпекбаев енді спорт саласында басшылық қызмет атқарады. Ол Алматы қалалық волейбол федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясы хабарлады.
"Алик Шпекбаев Алматы қаласы волейбол федерациясының президенті болып тағайындалды. Алматы қаласының волейбол деңгейін көтеру жолында табысты еңбек тілейміз!" – делінген ресми мәлімдемеде.
Алик Шпекбаев бұған дейін еліміздің күштік құрылымдарында бірқатар жоғары лауазымды қызметті атқарды. Атап айтқанда:
Оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі тәжірибесі енді спорт менеджменті саласында қолданылмақ.