"Қайрат" клубының дәрігері Астана әуежайында сәтсіз әзіл айтып, қамауға алынды.
Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчтан кейін клуб өкілдерінің бірі күтпеген жанжалдың ортасында қалды.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ішкі рейстер терминалындағы тіркеу кезінде (Air Astana, №210 рейс, "Астана – Алматы" бағыты) жолаушы Тұрәлиев Д. авиациялық қауіпсіздік қызметкерінің сұрағына жауап беріп, әзіл ретінде өзінде "бомба бар" екенін айтқан.
Алғашқы тексеріс аясында қауіпсіздік қызметі стандартты тәртіппен бірқатар шара қабылдаған:
Алдын ала ақпарат бойынша, қауіп расталмаған — жағдай сәтсіз қалжың ретінде бағаланған.