Таяу шығыстағы шиеленіс жүздеген спортшыны тығырыққа тіреді

Сарапшы, спорт журналисі

Формула 1 командалары аймақтан кете алмай әлек. 

Таяу шығыстағы шиеленіс жүздеген спортшыны тығырыққа тіреді
Sportbox.ru

Формула 1 чемпионатының жаңа маусымы қарсаңында командалар мен ұйымдастырушылар күтпеген логистикалық қиындыққа тап болды. 2000-нан астам қызметкер Австралияның Мельбурн қаласына жету үшін шұғыл түрде балама бағыттарды қарастыруға мәжбүр қалды. 

Мельбурнда келесі аптада өтетін маусымның алғашқы жарысына қатысуы тиіс топ құрамында:

  • Формула 1, Формула 2 және Формула 3 командалары;
  • FOM түсірілім топтары;
  • FIA қызметкерлері;
  • Журналистер мен техникалық персонал бар.

Алайда Таяу Шығыстағы әскери әрекеттерге байланысты бірқатар елдердің әуе кеңістігі жабылып, рейстер тоқтатылған.

Фото: delfi.lt

Әуе компаниялары рейстерді шектеді

Формула 1 бағытында жиі қызмет көрсететін авиакомпаниялардың көпшілігі Таяу Шығыс елдерінде орналасқан. Атап айтқанда:

  • Qatar Airways – Австралия Гран-приінің титулдық демеушісі;
  • Emirates – Формула 1-дің серіктесі.

Бұл компаниялар жарысқа қатысушылардың басым бөлігін тасымалдауы тиіс еді. Алайда қазіргі жағдай тасымал жоспарын толық өзгертуге мәжбүр етті.

Балама бағыттар: Сингапур, Гонконг, Перт

Көптеген қызметкер Мельбурнда дүйсенбі мен сейсенбі күндері болуы қажет. Қазір менеджерлер рейстерді Сингапур және Гонконг арқылы қайта брондап жатыр. Балама ретінде Qantas әуе компаниясымен Перт қаласына ұшып, одан әрі ішкі рейспен Австралияның шығыс жағалауына жету жағын да қарастыруда.

Жарыс кестесі өзгеруі мүмкін бе?

Ұйымдастырушылар қажет болған жағдайда жарыс кестесіне түзету енгізуге дайын екенін мәлімдеді. Дегенмен, Формула 1 басшылығы қазіргі сәтте кестені өзгертуге негіз жоқ екенін ресми түрде хабарлады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір