Бибісара Асаубаева қанша сыйақы алды?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық шахматшы 2026 жылғы Үміткерлер турнирін сәтті аяқтап, қомақты қаржылай сыйақыға ие болды.

Бибісара Асаубаева қанша сыйақы алды?
instagram/@liana_hakim_

Нешінші орын алды?

22 жастағы қазақстандық шахматшы жарыс қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады. Ол бұл сында тек үндістандық Вайшали Рамешбабуға жол берді.

Турнир регламентіне сәйкес, екінші орын иегеріне 17 мың еуро көлемінде жүлде қарастырылған. Ал турнир жеңімпазы 28 мың еуро алған.

Қазақстандық шахматшының жалпы табысы қанша болды?

Негізгі жүлдеден бөлек, турнирге қатысқан әр шахматшыға әрбір 0,5 ұпай үшін қосымша 2200 еуродан төленеді. Бибісара Асаубаеваның еншісінде 8 ұпай бар. Бұл көрсеткіш оған қосымша 35 200 еуро әкелді.

Осылайша қазақстандықтың жалпы сыйақысы 52 200 еуроға жетті. Жарияланған сәттегі бағам бойынша бұл шамамен 29 миллион теңгеге тең.

Ерлер турниріндегі жүлде қоры қандай болды?

Салыстыру үшін айта кетсек, ерлер арасындағы үміткерлер турнирінде жүлде қоры әлдеқайда жоғары болған. Бұл сында әрбір 0,5 ұпай үшін 5000 еуродан төленген.

Мысалы Өзбекстан өкілі Жавохир Синдаров жалпы есепте 170 мың еуро табыс тапқан. Оның 70 мың еуросы — турнирдегі жеңісі үшін, ал тағы 100 мың еуросы — жинаған 10 ұпайы үшін берілген.