"Жавохирді құттықтаймын!" Бибисара Асаубаева желіде жазба жариялады
Қазақстандық шахматшы Үміткерлер турниріндегі нәтижесін қорытындылады.
Қазақстанның танымал шахматшысы Бибисара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өткен 2026 жылғы Үміткерлер турниріндегі өнеріне қорытынды жасап, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Турнир қорытындысы
Асаубаева бұл додада жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды. Бұл – оның мансабындағы алғашқы Үміткерлер турнирі.
"Менің алғашқы Үміткерлер турнирім аяқталды. Құдай қаласа, екі жылдан кейін қайта кездесеміз", – деп жазды шахматшы.
Спортшы өз Telegram-арнасында марапаттау рәсімінен бірнеше сурет жариялады. Солардың ішінде өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен бірге түскен кадрлар да бар.
Бибисара Асаубаева турнир жеңімпазы Жавохир Синдаровты және барлық өзбекстандықтарды жеңіспен құттықтады.
"Жавохирді және барлық өзбекстандықтарды жеңісімен құттықтаймын! Енді чемпиондық матчты күтеміз", – деп жазды ол.
Айта кетейік, Синдаров 13-турда нидерландтық Аниш Гириді жеңіп, мерзімінен бұрын турнир жеңімпазы атанды. Енді ол әлем чемпионы, үндістандық Гукеш Доммараджумен шахмат тәжін сарапқа салады.
Жеке өмірге қатысты әңгімелер
Асаубаева мен Синдаровтың бірге түскен суреттері әлеуметтік желіде жиі жарияланып жүр. Бұл жағдай олардың арасындағы қарым-қатынас туралы түрлі қауесеттердің таралуына себеп болған.