Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады
Norway Chess турнирінен кейін Бибісара Асаубаева үш саты жоғарылады.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы ФИДЕ лайв-рейтингінде позициясын жақсартты. Норвегияда өтіп жатқан Norway Chess Women-2026 турниріндегі сәтті нәтижелерінен кейін ол әлемдік рейтингте төртінші орынға шықты.
22 жастағы қазақстандық шахматшының қазіргі рейтингі 2537,7 ұпайға жетті.
Асаубаева үш саты жоғарылады
Norway Chess 2026 турниріндегі соңғы партиялардан кейін Бибісара Асаубаева рейтингіне 10,7 ұпай қосты. Соның арқасында ол бірден үш орынға көтеріліп, әлемнің үздік төрт шахматшысының қатарына енді.
Әлемдік рейтингте кімдер алда?
Әйелдер арасындағы ФИДЕ лайв-рейтингінде көш басында Қытай өкілі Хоу Ифань тұр. Оның көрсеткіші — 2596,0 ұпай.
Екінші орында тағы бір қытайлық шахматшы Лэй Тинцзе орналасқан — 2566,0 ұпай.
Үздік үштікті қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь түйіндеп тұр. Оның еншісінде 2560,5 ұпай бар.
Бибісара Асаубаеваның үшінші орыннан небәрі 23 рейтингтік ұпай қалып келе жатыр.
Norway Chess турнирінде көш бастап тұр
Асаубаева Ослода өтіп жатқан Norway Chess Women-2026 турнирінде де үздік нәтиже көрсетіп келеді. Жеті турдан кейін қазақстандық шахматшының еншісінде 12,5 ұпай бар.
Ол жақын қарсыласы Дивья Дешмухтан төрт ұпайға озып тұр. Бұл Бибісараның турнирдегі көшбасшылық позициясын айтарлықтай нығайтты.