Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit әлемдік рейтингінде көш бастады

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық шахматшы FIDE Women’s Circuit әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit әлемдік рейтингінде көш бастады
instagram/@fide_chess

Төртінші орыннан бірінші сатыға көтерілді

Жаңартылған тізімде Бибісара Асаубаева 51,30 ұпай жинап, екі жылдық циклдің аралық рейтингінде көш бастады. Бұған дейін қазақстандық шахматшы төртінші орында тұрған еді.

Асаубаеваның рейтингтегі серпілісіне Ослода өткен беделді Norway Chess Women-2026 турниріндегі сәтті ойыны әсер етті. Осы жарыстағы жеңісі Бибісараға бірден 29,7 ұпай әкеліп, басты қарсыластарын басып озуына мүмкіндік берді.

FIDE Women’s Circuit рейтингіндегі үздік үштік

Қазірг FIDE Women’s Circuit рейтингінің алғашқы үштігі мынадай:

1. Бибісара Асаубаева, Қазақстан - 51,30 ұпай;
2. Чжу Цзиньэр, Қытай - 39,83 ұпай;
3. Вайшали Рамешбабу, Үндістан - 29,70 ұпай.

FIDE Women’s Circuit — әйелдер шахматындағы маңызды іріктеу жүйелерінің бірі. 2026–2027 жылдар сериясының қорытындысы бойынша рейтингте бірінші орын алған шахматшы 2028 жылғы Үміткерлер турниріне тікелей жолдама алады. Ал Үміткерлер турнирінде жеңіске жеткен шахматшы әлем чемпионы атағы үшін өтетін матчта ойнау құқығына ие болады.