Қазақстандық 21 атлет Азия чемпионатында бақ сынайды

Бокс шолушысы

Құрлықтық дода 9-12 шілде аралығында Қытайда өтеді. 

Қазақстандық 21 атлет Азия чемпионатында бақ сынайды
olympic.kz

Қазақстан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады. Жарыста 21 жеңіл атлет бақ сынайды. Жас спортшылар жүгіру, кедергілермен жүгіру, эстафета, секіру, спорттық жүріс және көпсайыс бағдарламаларында ел намысын қорғайды.

Жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі мынадай:

  • Аяна Болатбекқызы — 800 және 1500 метрге жүгіру;
  • Александр Жигарь — 800 метр;
  • Ақбаян Нұрмәмет — 1500 метр;
  • Виктория Сукачева — 800 метр және 4×400 метрлік эстафета;
  • Ринат Кулыгин — 3000 метрге кедергілермен жүгіру;
  • Бағжан Серікқан — 3000 метрге кедергілермен жүгіру;
  • Анастасия Цвиркунова — 400 метрге кедергілермен жүгіру және 4×400 метрлік эстафета;
  • Екатерина Колода — 400 метрге кедергілермен жүгіру және 4×400 метрлік эстафета;
  • Ақбілек Құралбай — 3000 метрге кедергілермен жүгіру;
  • Мария Шувалова — 400 метр және 4×400 метрлік эстафета;
  • Анна Шумило — 400 метр, 4×400 метрлік және 4×100 метрлік эстафета;
  • Екатерина Пузырёва — 100 және 200 метр, 4×100 метрлік эстафета;
  • Дарья Гридасова — 4×100 метрлік эстафета;
  • Татьяна Но — 4×100 метрлік эстафета;
  • Фаина Мейрманова — биіктікке секіру;
  • Диляра Хайбуллина — ұзындыққа секіру және үш қарғып секіру;
  • Максим Балабин — сырықпен секіру;
  • Анастасия Рыпакова — ұзындыққа секіру;
  • Ясмина Тоқсанбаева — 20 000 метрге спорттық жүріс;
  • Эльмира Қалимуллина — 20 000 метрге спорттық жүріс;
  • Алина Чистякова — жетісайыс және 4×100 метрлік эстафета.

Айта кетейік, құрлықтық дода 9-12 шілде аралығында Қытайдың Ордос қаласында өтеді.