Қазақстан таеквондодағы турнирде жеті "алтын" жеңіп алды

Спорт шолушысы

Жалпы ел спортшылары аталған жарыста қоржынға 21 медаль салды. 

Қазақстан таеквондодағы турнирде жеті "алтын" жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық жастар турнирінде жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама спортшылары 7 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегерлері:

  • Шахризода Акрамова — 44 келіге дейінгі салмақ;
  • Нұрайым Бақытжанқызы — 55 келіге дейінгі салмақ;
  • Любовь Юн — 68 келіге дейінгі салмақ;
  • Азим Талғатов — 45 келіге дейінгі салмақ;
  • Әлинұр Еркін — 59 келіге дейінгі салмақ;
  • Наурызбек Нұрғазиев — 68 келіге дейінгі салмақ;
  • Аманай Құралбаев — 78 келіден жоғары салмақ.

Қазақстан құрамасы күміс медаль саны бойынша да жақсы нәтиже көрсетті. Турнирде алты отандасымыз финалға дейін жетіп, екінші орын алды.

Күміс медальді Аяру Есенғали 42 келіге дейінгі салмақта, Сабина Тұрутулова 68 келіден жоғары салмақта, Бағдат Амангелдиев 48 келіге дейінгі салмақта жеңіп алды.

Сондай-ақ Павел Эм 63 келіге дейінгі салмақта, Тимур Рахпанов 73 келіге дейінгі салмақта, Жантөре Сағынғали 78 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды.

Қола жүлде алған спортшылар

Қазақстандық таеквондошылар турнирде сегіз қола медаль да жеңіп алды.

  • Қола жүлдегерлер қатарында Элеанора Шералы мен Жанна Палмахова бар. Екеуі де 55 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке енді.
  • 59 келіге дейінгі салмақта Милана Мұханова қола алды.
  • 63 келіге дейінгі салмақта Аяжан Таңжарық пен Марсело Лопес Тілеубай Әбділ жүлдегер атанды.
  • 68 келіге дейінгі салмақта Нурила Жарас пен Аяна Жетес қола медаль жеңіп алды.
  • Ал Бекбау Махамбетәлі 78 келіге дейінгі салмақта үздік үштікті түйіндеді.