25 ел, 150 спортшы: Алматыда Денис Тен құрметіне ірі турнир өтеді
Халықаралық жарыс қазан айының 7-10 күндері аралығында өтеді. Спортшылар үш санат бойынша сайысқа түседі.
Алматыда 7-10 қазан аралығында мәнерлеп сырғанаудан халықаралық Денис Тен мемориалы өтеді.
Биылғы турнирге 25 елден 150-ге жуық спортшы қатысады.
Қандай санаттар бойынша медальдар сарапқа салынады?
Жарыс аясында ересектер мен жасөспірімдер арасында бірнеше бағдарлама бойынша жүлделер ойнатылады.
Атап айтқанда:
- ерлер арасындағы жекелей сырғанау;
- әйелдер арасындағы жекелей сырғанау;
- мұздағы би.
Осылайша, Алматыдағы турнир әртүрлі жас санатындағы спортшыларды біріктіретін халықаралық додаға айналмақ.
Қазақстандық спортшы 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алып, ел тарихындағы ең ірі спорттық жетістіктердің біріне қол жеткізген еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.