ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қызылордалық Пернебай Ақәділ Жамбы атудан ел чемпионы атанды

Еліміздің 9 облысынан жиналған 20-ға жуық жамбы атушы өзара мықтыны анықтаған болатын.

Қызылордалық Пернебай Ақәділ Жамбы атудан ел чемпионы атанды
zhaikpress.kz

Жамбы атудан жастар арасында ел біріншілігі аяқталды. Орал қаласында сайыста 9 облыстан жиналған 20-ға жуық жас жамбы атушы 4 күн бойы кім мықтыны анықтады.

Нәтижесінде Азия стилінде қызылордалық Пернебай Ақәділ алтыннан алқа тақты. Ал түркістандық Үсен Ақберен күміс алса, маңғыстаулық Өсербай Марлен қола жүлдені қанағат тұтты. Қалған мажар, жамбы, түркі стилдерінде түркістандық Үсен Ақберен топ жарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.