Румынияда өткен жарысқа 30-ға жуық спортшы қатысты
Тоғызқұмалақтан 19 жасқа дейінгі жастар арасында әлем кубогі аяқталды. Румынияның Константа қаласында өткен жарысқа Қазақстан, Болгария, Венгрия, Македония, Молдова, Румыния және Түркия елдерінен 30-ға жуық спортшы қатысты.
Сайыста жастар рапид және блиц түрлері бойынша сынға түсті. Барлығында қазақстандық спортшылар топ жарды.
Атап айтар болсақ, қыздар арасында сайыстың екі түрінен Исахан Аяна алтын алды. Ал ерлерден рапид бойынша Дәкен Елдар жеңімпаз атанса, блиц бойынша Айдын Жәкиев жеңіс тұғырынан көрінді.