"Қайраттың" Чемпиондар лигасының жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Алматының "Қайрат" футзал клубының Чемпиондар лигасының жартылай финалында кіммен кездесетінін белгілі болды. 

"Қайраттың" Чемпиондар лигасының жартылай финалдағы қарсыласы анықталды
sportpulse. kz

Қазақстандық команда жартылай финалда испаниялық "Картахена" клубымен бақ сынайды. Ал екінші жартылай финалда тағы бір испаниялық ұжым "Пальма" мен португалиялық "Спортинг" кездеседі.

"Төрттік финал" кезеңі 2-4 мамыр аралығында Францияның Ле-Ман қаласында өтеді.

"Қайраттың" турнирлік жолы

Алматылық клуб осы маусымдағы Чемпиондар лигасында сенімді өнер көрсетіп, негізгі және элиталық раундтарда алты жеңіске қол жеткізді:

Негізгі кезең:

  • "Халадаш" (Венгрия) – 6:4
  • "Семей" (Қазақстан) – 5:1
  • "Спортинг" (Португалия) – 3:2

Элиталық кезең:

  • "Олмиссум" (Хорватия) – 1:0
  • "Динамо" (Хорватия) – 5:1
  • "Этуаль" (Франция) – 4:2
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір