Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Мұхамеджан Сейсен Қуат Хамитовты бейтарап алаңда жекпе-жекке шақырды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен футболшыларға үнемі тиісіп жүретін жауынгер Қуат Хамитовқа жауап берді.

Мұхамеджан Сейсен Қуат Хамитовты бейтарап алаңда жекпе-жекке шақырды
Коллаж

Белгілі футбол блогері Артур Асқарұлы ұлттық құрама қақпашысына үнемі қазақ футболын төмендететін Қуат Хамитовқа не деуге болады деп сұрады.

Сейсен бейтарап алаңға шақырып, сайыс өткізуді ұсынды:

“Қараңыз, ол ММА жауынгері, мен футболшымын. Әрине, екеуміздің спортымыздан шығатын болсақ, тең түсеміз. Ол қазақ, біздің қазақ ағамыз. Бізде ұлттық спорт түрі бар – көкпар. Ол ағамды көкпарға шақырамын, бірге бір шығуға,” – деді Мұхамеджан Сейсен.

Қуат Хамитов жайлы

Қуат Хамитов — 1988 жылы 22 ақпанда туған, аралас жекпе-жек (MMA) шебері, «Найман» лақап атымен танымал, бойы шамамен 173 см, салмағы 70 кг, соңғы жылдары әлеуметтік желілерде белсенді болып, қазақ футболын жиі сынап жүрген спортшы.

Қуат қазақ футболының басты хейтері. Ұлттық құрама әр сәтсіздікке ұшыраған кезде, “Найман” футболды жабу туралы ұсыныс жасап, пікір қалдырып отырады. Солардың ішіндегі ең танымалы осылар:

  • «Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын… Халықтың ақшасын құртпай, өз күшімен жеңгенде ғана футболды сыйлай бастаймын!»
  • «Қазақстандық футболшылар ерке қатындар сияқты, ондайлардан ешқандай нәтиже жоқ. Тек проблема тудырады»
  • “Әуесқой командаға гол соғып, қуанып, мені белгілеп жатырсыңдар. Мен жалғыз өзім-ақ бұл командаға қарсы шығып, бәрін жеңе аламын! Осы ма сендердің жетістіктерің?!”.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 1
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір