Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ақтөбелік жас футболшының өліміне қатысты тың деректер шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Ақтөбелік жас футболшының өліміне қатысты тың деректер белгілі болды.

Ақтөбелік жас футболшының өліміне қатысты тың деректер шықты
Сурет: ашық дереккөздерден

Қайғылы жағдайға қатысты тергеу басталды. Тергеушілер газ жабдығында ақау болуы мүмкін деген нұсқаны тексереді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше кезекші бөлімге Ақтөбе қаласындағы Кутуев көшесінде болған оқиға туралы хабарлама келіп түскен.

"Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде өрт болмағаны анықталды және үш адамның денесі табылды", - дейді Ақтөбе облысының ТЖД өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ведомство өкілдері оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бір үйден үш адамының өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

"Газ жабдығына техникалық сараптама жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", - деді департаменттегілер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе U-16" командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден өткені белгілі болды.Онымен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір