Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шерхан Қалмырзаға Ұмраға жолдама сыйға тартылды

Сарапшы, спорт журналисі

Ерекше сый Алматыдағы жиындардың бірінде табысталды. 

Шерхан Қалмырзаға Ұмраға жолдама сыйға тартылды
Offside.kz

«Қайрат» ФК жас қақпашысы Шерхан Қалмырза қасиетті Меккеге Ұмра қажылығына жолдама алды.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, Шерхан Қалмырза мен анасы Алматыдағы жиындардың біріне қонақ ретінде қатысқан. Дәл сол кеште жас қақпашыға Ұмра қажылығына арнайы сертификат табыс етілген.

Бұл жаңалық көпшіліктің жылы лебізін тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Бұған дейін де марапаттар алған

Шерханның еңбегі мен талантын бағалаған жандар аз емес. Бұған дейін:

  • кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов оған заманауи Exeed маркалы автокөлік сыйлаған,
  • Ғылым және жоғары білім министрлігі дарынды спортшыға білім грантын тағайындаған болатын.

Айта кетейік

Шерхан Қалмырза — қазақ футболының болашағынан үлкен үміт күттіретін ойыншы. Ол қазір «Қайрат» клубының қақпашысы ретінде танымал. “Реалға” қарсы тарихи кездесуден кейін ел арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір