«Жігітің бар ма?» Асаубаева күтпеген сұраққа тосын жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық шахмат жұлдызы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап беріп, ел назарын өзіне аударды. 

«Жігітің бар ма?» Асаубаева күтпеген сұраққа тосын жауап берді
Instagram/@bibisarachess

Жанкүйерлермен ашық әңгіме

Әлемге танымал гроссмейстер әлеуметтік желіде кең тараған трендке қосылып, жазылушылары қойған түрлі сұрақтарға жауап берді.

Алайда жанкүйерлердің бірі қойған «Жігітің бар ма?» деген жеке сұрақ көпшіліктің назарын ерекше аударды.

Бибісара бұл сауалға нақты жауап бермей, смайликтер арқылы өз ойын жеткізді. Оның жауабынан шахматшы бұл тақырыпты жеке өміріне қатысты деп санайтыны байқалды.

Әлемдік жетістіктері

Асаубаева 2025 жылы ресми түрде гроссмейстер атағын иеленді.

2021 жылы әлемнің ең жас блиц чемпионы атанып, тарихқа енген. Бір жылдан кейін Бибусара бұл атағын сәтті қорғап шықты.

Сондай-ақ ол 2021 жылғы рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір