Қазақстанның танымал волейболшысы Сәбина Алтынбекова Instagram парақшасында жаңа фотосессиядан кадрлар жариялап, оқырмандарына өзіне тән өмірлік қағидаларын айтып берді.
29 жастағы спортшы бұл жолы қара-ақ түсті классикалық образды таңдаған. Қатаң әрі талғамды стильдегі фотолар желі қолданушыларының назарын аудартты.
Сәбина жазбасын жеке ұстанымдары жайлы ой-толғаммен толықтырды. Оның айтуынша, "қалаймын" деген сөз жай ғана әдемі тіркес емес, өмірге не кіргізетініңді іріктейтін ереже.
Спортшы адамның өз шекарасын анықтап алуы маңызды екенін меңзейді:
Алтынбекова бұл жазбаны stories-ке де бөлісіп, оқуға міндетті пост екенін атап өткен.
Кейін Сәбина stories-та ойын жалғап, бұрынғы әдеттерінің өзгергенін айтты. Оның сөзінше, бұрын өзін бір істі міндетті түрде соңына дейін жеткізуге "мәжбүрлейтін" болса, қазір өз сезімін тыңдауға көбірек мән береді.

Спортшының басты принциптерінің бірі — бағаланбайтын, әділетсіздік бар, көңілге қонбайтын ортадан алыстау.
Алтынбекова бұл кезеңді өзін шынайы әрі сау түрде жақсы көруді үйренген сәтімен байланыстырады. Сондай-ақ өміріндегі әрбір белес пен сабаққа — кейде қатал болса да — алғыс білдіріп, Жаратқанға шүкір айтқанын жеткізді.