Сенегал президенті Бассиру Диомай Фай ұлттық құрама футболшыларына Африка ұлттар кубогындағы (АҰК) жеңіс үшін елдегі курорттық өңірден жер телімдерін сыйға тартты.
SO FOOT мәліметінше, құраманың әр ойыншысына 1500 м² жер телімі (жағалаудағы курорт аймағынан) және қосымша шамамен 115 мың еуро мөлшерінде қаржылай сыйақы берілген.
Президент өз сөзінде футболшылардың тәртіп пен жауапкершілік танытқанын атап өтіп, әр “Львқа” 75 млн франк (шамамен 115 мың еуро) және Шағын Жағалаудан (Petite-Côte) 1500 м² бөлінгенін жеткізген.
“Терранга арыстандары” атанып кеткен Сенегал құрамасы АҰК финалында турнир қожайыны Марокконы қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңген. Бұл ойын төңірегінде дау да болғаны жазылды.
Мемлекет басшысы триумфқа үлес қосқан өзге тұлғаларды да назардан тыс қалдырмаған: