Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев әлеуметтік желі мен БАҚ-та тараған даулы жағдайға қатысты пікір білдірді.
Сәпиев Instagram парақшасында мемлекеттік қызметкер ретінде этикалық нормаларды қатаң сақтайтынын атап өтті. Сондай-ақ бала кезінен бапкерлері рингтен тыс жерде күш қолданбауға үйреткенін айтып, өз әрекеті үшін жауапкершілікті толық түсінетінін жеткізді.
Оның айтуынша, ол ешқандай арандатуға ермейді, ал аталған мәселе толық қаралып, жабық деп есептейді.
Еске салайық, бұған дейін кейбір ақпарат көздерінде Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімханов оны ұрып-соқты деген сипаттағы мәлімет тараған еді. Осы ақпарат қоғамда резонанс тудырып, оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Серік Сәпиев:
Дәурен Есімханов — Сәпиевтің орынбасары әрі спорттық жетістігі бар атлет ретінде де танымал. Ол: