Головкин Джеки Чанға шапан жауып, тақия сыйлады

Сарапшы, спорт журналисі

ҰОК президенті Геннадий Головкин Италиядағы ХХV қысқы Олимпиада ойындарында әлемге әйгілі актер Джеки Чанмен кездесті. 

Головкин Джеки Чанға шапан жауып, тақия сыйлады
instagram/@gggboxing

Құрмет белгісі: шапан мен тақия

Кездесу барысында Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Джеки Чанға қазақы шапан мен тақия тарту етіп, құрмет көрсетті. Қазақтың дәстүрлі сый-сияпаты ретінде ұсынылған бұл сыйлық жұрт назарын аударды.

Головкин әлеуметтік желідегі жазбасында Джеки Чанды "біздің дәуіріміздің аңызы" деп атап, оның өнердегі және мәдениеттегі орнын ерекше бағалаған.

Шайдоровпен кездесуден кейінгі сәт

Айта кетейік, бұған дейін Джеки Чан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың көрсетілімдік өнеріне қатысып, жанкүйерлерге ерекше эмоция сыйлаған еді. Сол оқиғадан кейін актердің Головкинмен жүздесуі Олимпиададағы ең көп талқыланған жаңалықтардың біріне айналды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір