Төрехан Сабырхан Азия чемпионатынан кейін туған ауылына оралды
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ұлан-Батырдаға Азия чемпионаты аяқталған соң туған жеріне табан тіреді.
Туған жердегі демалыс
2025 жылғы World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырхан стористе өзінің кіндік қаны тамған өлкесін көрсетті. Боксшы Бадам су қоймасының әсем табиғатын аралап, катермен серуендеген сәттерін көрсетті.
Спортшы жарияланымында:
"Менің махаббатым — менің ауылым Маятас", — деп жазды.

Осы жазба жанкүйерлер арасында жылы қабылданып, көпшілік спортшының туған жерге деген құрметіне оң баға берді.
Азия чемпионаты ойдағыдай өтпеді
Төрехан Сабырхан үшін Ұлан-Батырдағы құрлықтық дода күткендегідей нәтижемен аяқталған жоқ. 70 келіге дейінгі салмақтағы World Boxing рейтингінің көшбасшысы финалда ересектер арасында алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Соның нәтижесінде қазақстандық былғары қолғап шебері күміс медальді қанағат тұтты.