"Мессиджон". Өзбекстанда Мессидің егізі табылды (ВИДЕО)
Ташкент көшелерінеде жүрген "Мессидің сыңары" әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырып жатыр.
upl.uz
Әлеуметтік желілерде Өзбекстанда түсірілген ерекше видео қызу талқыға түсіп жатыр. Оның ерекшелігі сол, бейнежазбада сырт келбеті әлемдік футбол жұлдызы Лионель Мессиге қатты ұқсайтын ер адамды байқауға болады.
"Мессидің көшірмесі" қайдан шықты?
Видеодағы кейіпкерді көпшілік аргентиналық шабуылшының қартайған шағына теңеп жатыр. Бет-әлпеті, сақалы мен жалпы образы әйгілі футболшыны еске түсіреді.
Желі қолданушылары видео астына түрлі әзіл жазып, пікірлер қалдыруда.
"Егер Месси зейнетке шығып, Ташкентке көшсе, дәл осылай көрінер еді".
"Мессиджон".
"Мәссаған, бұл егізі емес, Мессидің өзі!".
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet