Луиш Нани Балаларды қорғау күнін Ташкентте атап өтті (ВИДЕО)
"Ақтөбе" ФК португалиялық шабуылшысы Луиш Нани отбасымен бірге Өзбекстанда демалып жүрген сәттерін көрсетті.
Нани отбасымен Magic Park кешеніне барды
Бейнежазбада футболшы Ташкенттегі Magic Park ойын-сауық кешенінде болған. Отбасымен бірге океанариумға кіріп, түрлі аттракциондарды тамашалаған.
Сондай-ақ роликтің бір бөлігінде Луиш Нани мен ұлы түрік балмұздақ сатушысының әйгілі шоуын бақылап тұрғаны байқалады. Футболшы отбасымен бірге жергілікті тұрғындармен еркін араласып, мерекелік көңіл күйде уақыт өткізген.
Көп күлкі мен әдемі естеліктер
Нани жариялаған жазбасында Ташкенттегі демалыстан ерекше әсер алғанын жеткізді.
"Қаншама күлкі мен керемет естеліктер. Балаларды қорғау күні үшін рақмет!" — деп жазды португалиялық футболшы.»
Нанидің "Ақтөбедегі" көрсеткіші
Луиш Нани "Ақтөбе" сапына биыл қаңтар айының соңында қосылған. Қазақстан Премьер-лигасындағы жарты маусым ішінде 11 матчқа қатысып, 2 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, "Ақтөбе" мен Луиш Нани арасындағы келісімшарт бір жылға, яғни 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін есептелген.