"Ажырасу процесі әлі аяқталған жоқ": Шавкат Рахмоновтың жұбайы жаңа мәлімдеме жасады

Жекпе-жек шолушысы

Гүлайым Рахмонова ажырасуға қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді.

"Ажырасу процесі әлі аяқталған жоқ": Шавкат Рахмоновтың жұбайы жаңа мәлімдеме жасады
instagram/@kerey_khan

Бұған дейін әлеуметтік желіде Гүлайым Рахмонова спортшыны кешіріп, ерлі-зайыптылардың ажырасудан бас тартқаны туралы әңгімелер тараған. Бірақ ол Instagram желісіндегі сторисінде бұл ақпаратқа нақты жауап берді.

"Егер видеоны мұқият тыңдасаңыздар, ажырасу процесінің әлі аяқталмағанын түсінесіздер. Арамызда “олар татуласты ма, жоқ па?” деп уайымдап жүрген адамдар бар екен. Уайымдамаңыздар. Процесс толық аяқталған кезде бұл туралы міндетті түрде өзім хабарлаймын", — деді Гүлайым Рахмонова.

Айта кетейік, былтыр Гүлайым Рахмонова адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты фигурант болған. Кейін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырып, жазаны өтеуді 5 жылға кейінге қалдырған.

Осы оқиғадан кейін файтердің жұбайы Шавкат Рахмоновтың отбасын бес баласымен қалдырып кеткенін айтып, ажырасуға арыз беретінін мәлімдеген еді.