Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаровпен бірге әлем чемпионатының матчын тамашалады (ВИДЕО)
Асаубаева Франция мен Англия құрамалары арасындағы матчқа өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен бірге барған.
Матч Майамиде өтті
Қола жүлде үшін ойын АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами-Гарденс қаласында орналасқан “Хард Рок” стадионында ұйымдастырылды.
Бибісара Асаубаева стадионнан түсірілген бірлескен кадрларды Instagram парақшасына жүктеді. Жарияланымнан қазақстандық шахматшы мен Жавохир Синдаровтың кездесуді трибунадан тамашалағанын көруге болады.
Нәтижелі өткен кездесуде Томас Тухель жаттықтыратын Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңді. Осылайша ағылшындық футболшылар 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Финал қашан өтеді?
Мундиальдың шешуші матчы 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні өтеді. Финал Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен өтіп жатыр. Турнир матчтарын АҚШ, Мексика және Канада бірлесіп қабылдауда.