Екінші айналымда Елена Рыбакина қытайлық Чжан Шуайды жеңсе, Паула Бадоса чехиялық Мария Боузковаға қарсы матчта басым түсті.
Tennisuptodate.com сайты Қазақстанның бесінші ракеткасы Елена Рыбакина мен әлемдік рейтингте 25-орында тұрған испаниялық Паула Бадосаның Брисбенде (Аустралия) өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымындағы матчы не себепті теннис жанкүйерлерінің назарын аударуға лайық екенін түсіндірді.
«Енді Бадосаны қызықты сын күтіп тұр — ол әлемдік рейтингтің бесінші нөмірі Елена Рыбакинамен кездеседі. Бұл Брисбендегі үшінші айналымның ең тартымды текетірестерінің бірі болуы мүмкін. Қазіргі уақытқа дейін олар өзара сегіз рет кездесіп, әрқайсысы төрт жеңістен еншіледі. Дегенмен соңғы үш матчта қазақстандық теннисші жеңіске жетті, ал ең соңғы кездесуі 2025 жылы Дубайдағы турнирде өтті. Сол үш сағатқа созылған матчтың тағдыры тай-брейкте шешілген», — деп жазылған мақалада.
Еске салайық, екінші айналымда Елена Рыбакина қытайлық Чжан Шуайды жеңсе, Паула Бадоса чехиялық Мария Боузковаға қарсы матчта басым түсті.