Юлия Путинцева матчында ірі есеп тіркелді
Матч WTA 500 турнирінің аясында өтті.
Әлемнің 74-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шыға алмады.
Екінші айналымдағы матчта Путинцева әлемдік рейтингте 26-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен кездесті. Алғашқы сет Юлияның пайдасына шешіліп, ол тай-брейкте 7:6 (5) есебімен жеңіске жетті. Алайда одан кейін Марта қалған екі партияда айқын басымдық танытып, 6:1, 6:0 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Юлия Путинцева Брисбендегі турнирге лаки-лузер ретінде қатысқан. Ол іріктеудің финалында жеңілгенімен, чехиялық Каролина Плишкова турнирден бас тартуына байланысты негізгі сеткада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.