Қазақстандық теннисші "Ролан Гаррос-2026" турнирінің финалына шықты

Спорт шолушысы

Жұптық сындағы өнер көрсететін Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші "Ролан Гаррос-2026" турнирінің финалына шықты
mondo.rs

Жартылай финалдағы сенімді жеңіс

"Үлкен дулыға" санатындағы "Ролан Гаррос-2026" турнирінің жартылай финалында Анна Данилина мен Александра Крунич жапониялық Сюко Аояма және тайваньдық Энь-Шуо Лян жұбына қарсы кортқа шықты.

Турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-сербиялық дуэт тартысты алғашқы сетте қарсыластарын 7:5 есебімен ұтты. Ал екінші партияда Данилина мен Крунич 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.

Финалда кіммен ойнайды?

Финалда Анна Данилина мен Александра Крунич турнирдің бірінші ракеткалары — чехиялық Катерина Синякова және америкалық Тэйлор Таунсенд жұбымен кездеседі.

Бұл матч қазақстандық теннисші үшін мансабындағы ең маңызды кездесулердің бірі болмақ. Себебі Данилина жұптық сында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы атану мүмкіндігіне ие болып отыр.

Биылғы "Ролан Гаррос" турнирінің жалпы жүлде қоры 61,723 миллион еуроға тең. 

Әйелдер арасындағы жұптық сынның жеңімпаздары команда ретінде 600 мың еуро сыйақы алады.