Елена Рыбакина мен ресейлік вундеркинд арасындағы матчта сенсация тіркелді (ВИДЕО)
Қазақстанның бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 7-орында тұрған Елена Рыбакина күтпеген жерден BNP Paribas Open турнирінің 1/8 финалында жеңіліске ұшырады. Бұл беделді дода АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатыр.
Күтпеген нәтиже: Мирра Андреева Рыбакинаны ойсырата жеңді
Кездесуде 17 жастағы ресейлік теннисші Мирра Андреева (WTA рейтингінде 11-орын) Рыбакинаға қарсы тұрды. Матч қазақстандық спортшы үшін сәтсіз өтті.
Бірінші сет Андрееваның 6:1 есебімен айқын басымдығымен аяқталды.
Екінші сетте де ресейлік теннисші ойын тізгінін уысынан шығармай, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Жарыс 1 сағат 7 минутқа созылды.
Бұл жеңістің арқасында Мирра Андреева турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ол WTA рейтингінде 23-орында тұрған украиналық Элина Свитолинамен кортқа шығады.
Рыбакина бір ай ішінде Андреевамен екінші рет кездесіп, тағы да жеңілді
Айта кетейік, бұл – Рыбакинаның соңғы екі апта ішіндегі Андреевамен екінші кездесуі. Бұған дейін, Дубайдағы (БАӘ) турнирдің жартылай финалында да қазақстандық теннисші ресейлік спортшыға үш сетте ұтылған еді.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.