
Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тың Феникс қаласында өткен турнирдің 1/16 финалында австралиялық Александар Вукичпен кездесті.
Матч 1 сағат 33 минутқа созылып, 6:3, 3:6, 6:3 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды. Осылайша ол жарыстың келесі кезеңіне өтті.
Келесі айналымда Александр Бублик тағы бір австралиялық теннисші Ринки Хиджикатамен күш сынасады. Хиджиката осыған дейінгі кездесуінде америкалық Брэндон Холтты 7:6, 7:6 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, 1/8 финалға Михаил Кукушкин де шықты. Ол енді жапондық Кэй Нисикоримен кортқа шығады.