
Дзюдодан Қазақстан құрамасы 25–28 сәуір аралығында Таиланд астанасы Бангкокта өтетін Азия чемпионатына қатысады. Бірақ ұлттық құрама тізімінде ел тарихындағы ең табысты дзюдошылардың бірі — Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жоқ.
Қазақстан дзюдо федерациясы таратқан ақпаратқа сәйкес, Елдос Сметов қазір шетелде, Париждегі Олимпиададан кейін қалпына келу кезеңін өткізіп жатыр. Сонымен қатар ол Англияда ағылшын тілін меңгеруде. Бұл сапар 4–5 айға жоспарланған.
“Спортшы Азия чемпионатын ғана емес, ұлттық құраманың дайындық жиындарынан да тыс қалады. Оның жаттығуға қайта оралуы 13–19 маусым аралығында Будапештте өтетін әлем чемпионатынан кейін күтіледі”, – деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
Команда көшбасшыларының бірі саналатын Әбиба Әбужақынова да Азия чемпионатына қатыспайды. Ол әлем чемпионатына жеке дайындық жүргізіп жатыр. Осылайша Қазақстан құрамасы құрлықтық додаға жас және үміткер спортшылардан құралған жаңарған құраммен қатысады.
Ерлер:
Әйелдер:
Құрама басшылығының айтуынша, бұл чемпионат жас дзюдошылар үшін халықаралық тәжірибе жинақтауға және команданың ішкі резервін тексеруге бағытталған.