Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азия чемпионы атанды
Бангкокта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында этникалық қазақ спортшы Айман Жеңіс тарихи жетістікке қол жеткізді.
1bol.kz
Азия чемпионы атанған Айман Жеңіс
21 жастағы Айман Жеңіс (ресми аты-жөні — Ayiman Jinesinuer) 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде отандасын жеңіп, Азия чемпионы атанды. Финалда ол айқын басымдықпен қарсыласын тізе бүктіріп, өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Айманның биылғы нәтижелері
- Биыл Ташкентте өткен "Grand Slam" (Үлкен дулыға) турнирінде қола медаль еншілеген.
- Ал өткен жылы Токиода ұйымдастырылған халықаралық жарыста 5-орынға ие болған.
Айман Жеңістің Азия чемпионатындағы жеңісі оның халықаралық аренадағы беделін нығайтып қана қоймай, этникалық қазақ спортшыларының әлемдік деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп жатқанын тағы бір рет көрсетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet