Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Асланбек Шымбергенов: "Қарсыласым ауыр нокауттан кейін 2-3 сағат есін жия алмады"

Сарапшы, спорт журналисі
28.04.2025, 14:35

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов өзінің мансабындағы ең есте қалған нокауттарын еске алды. 

turaninfo.kz
turaninfo.kz

Бұл туралы ол журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. 

Асланбек Шымбергенов Асаходжа Муйдинходжаевты нокаутқа түсірген кездесуін ерекше атады:

"Асаходжамен болған жекпе-жекті көпшілік жиі еске алады. Өзім үшін де бұл ең жарқын кездесулердің бірі болды. Ол кезде бас бапкерім Мырзағали Айтжанов асықпай бокстасуды тапсырған еді. Себебі, боксшылар көбіне алғашқы екі раундта ұтылып жатса, үшінші раундта асығыс шабуылдап, өздері соққыға түсіп қалады", – деді Шымбергенов.

Боксшының айтуынша, қарсыласын нокдаунға жібергеннен кейін, өзінде де жеңіске деген ерекше құлшыныс пайда болған.

Таиландтағы турнирде болған тағы бір есте қаларлық жағдайды Асланбек былай деп баяндады:

"Сол турнирде қарсыласым ауыр соққы алды. Ол 2-3 сағат бойы есін жия алмай жатты. Өзім қатты қорқып кеттім. Бірақ шүкір, ертесіне марапаттау рәсіміне келді. Оны көргенімде көңілім орнына түсті", – деп еске алды чемпион.

Асланбек Шымбергенов — 2023 жылғы әлем чемпионы, 2022 жылғы Азия чемпионы және Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері. Ол өзінің сенімді техникасы мен мықты соққыларымен әлем аренасында мойындатқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 16
👎 1
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір