
Шри-Ланкада өткен жекпе-жектерде отандастарымыз рингте үстемдігін толық дәлелдеді.
Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан жастар және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар жарқырап көзге түсті. 20 мамырда өткен жартылай финалдық кездесулерде жастар құрамасының төрт өкілі қарсыластарын техникалық нокаутпен жеңді.
Қазақстанның жастар құрамасынан алты боксшы финалдық жолдама үшін рингке шықты. Олардың төртеуі қарсыластарын уақытынан бұрын тоқтатса, біреуі ұтылды, ал тағы бірі тартысты айқаста жеңіске жетті.
Жастар турнирі:
63,5 кг — Мұхит Нұрқабылұлы (Қазақстан) техникалық нокаутпен жеңді
Қарсыласы: Зияд әл-Шехри (Сауд Арабиясы)
2-раундта тоқтатылды
67 кг — Сұлтан Тұрдалы техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Қарсыласы: Раян Аваджи (Сауд Арабиясы)
2-раундта тоқтатылды
75 кг — Жасұлан Бердалы қарсыласын бірінші раундта тоқтатты
Қарсыласы: Санчитха Кавиш Перера (Шри-Ланка)
1-раундта техникалық нокаут
80 кг — Игорь Соловьёв те техникалық нокаутпен жартылай финалды жеңді
Қарсыласы: Абишек Сингх (Индия / IBA командасы)
2-раундта
86 кг — Нұрсұлтан Қыстаубай өкінішке қарай 3:2 есебімен қырғызстандық Азирет Автандиловқа жол берді
+92 кг — Бексұлтан Қайратұлы тартысты айқаста 3:2 есебімен жеңіске жетті
Қарсыласы: Орхан Агаев (БАӘ)
Төрт бірдей техникалық нокаут — Қазақстан құрамасының дайындығының, жоғары деңгейлі физикалық және тактикалық басымдығының дәлелі. Финалдық кезеңде алтын медальдар үшін күрес күшейе түсетіні сөзсіз.