
Таиландта екі жекпе-жек өткізіп келген Мотиватор бұл жолы «жаңа нұсқасын» көрсететінін айтып, 6 маусымда еш аяушылық болмайтынын жеткізді.
Ануарбек Мотиватор мен Мұхит Амантаев арасындағы жекпе-жекке санаулы күн қалды. Осы орайда Мұхит Амантаев өзінің Instagram парақшасында қарсыласына ашық ескерту жасап, жанкүйерлерді 6 маусымда Алматы Аренаға шақырды.
“Бірінші бол” подкастынан үзінді жарияланған бейнежазбада екі спортшының сөз таластырып, бір-бірінің намысына тиіп отырған сәтін байқауға болады.
"Саған бәрін көрсетемін. Ертең кардионың көкесін физический. Я тебя сломаю просто физический. Я тебя уже морально сломал". Сенде жүрек жоқ! Түсіндің бе! Сенде почка бар. Слабый почка. Жүрегің құтақандай да" — деді Ануар Мотиватор Мұхит Амантаевқа подкаст барысында.
Кейін ол дайындық деңгейін сипаттай отырып, былай деді:
"Мен новая версия мотиваторды көрсетемін. Кулачкада қанша төбелесіп келдім, ешқашан индивидуально дайындалған емеспін, шынымды айтайын. Өзім бес раунд спарринг жасаймын, тренировка істеймін. Индивидуально вообше дайындалмаппын. Қазір енді кардио жақсы болып келді де, өз-өзімді дәлелдеп Таиландқа кеттім. Екі бой ғой. Екі жас баланы ұтып алдым.
Біреумен алты раунд, екіншісімен алты раунд жасадым. Бәрі мошный да! Мынаған 8 раундта ұтылуға дайын емеспін. Кайфовать етіп кеткен шалға!".
Ө кезегінде, бұл шабуылға Мұхит та үнсіз қалмай, бұл текетірестің шешуші сәтін Instagram арқылы жариялап, қарсыласына жауап қайтарды.
«Мына жігіт кәзір мықты бабымда дейді, өмірі бұлай дайындалған емеспін дейді. Басымды жұлам деп жатыр. Физика, функционалка керемет дейді.… Саған айтар сөзімді ринг ішінде айтамын. Бұйырса 6 маусымда, Алматы Аренада көреміз — кімнің физикасы мықты, кімнің жүрегі кішкентай екенін.», – деп жазды Мұхит өз парақшасында.
Ануар Мотиватор мен Мұхит Амантаевтың жекпе-жегі айналасындағы қызу пікірталастар шарықтау шегіне жетті. Кеше шыққан «Бірінші бол» подкасты барысында екі спортшының араздығы тек сөзбен шектелмей, төбелеске ұласты.
Бір анығы, қазір екі спортшы да әлеуметтік желілер мен медиа арқылы қарсыласты моральдық тұрғыда тұқыртуды көздеуде.
Күні: 6 маусым
Өтетін орны: Алматы Арена