
Жекпе-жек әлі басталған жоқ, бірақ жұдырықтар сөйлеп үлгерді. "Бірінші бол" подкастында Ануар Мотиватор мен Мұхит Амантаев бетпе-бет келіп, студияда ашық төбелеске барды.
Қазақстандық боксшылар Ануар Мотиватор мен Мұхит Амантаев жекпе-жекке алдында "Бірінші бол" подкастына қонаққа келді. Алайда әңгімеге келген спортшылар сөзге келіп, бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Сөйтіп, тараптардың кездесуі төбелеспен аяқталды.
Бірнеше аптадан бері әлеуметтік желіде Ануар Мотиватор мен Мұхит Амантаев арасындағы жекпе-жек қызу талқылануда. Екеуінің жеке қарым-қатынасындағы шиеленіс, әлеуметтік желілердегі емеурін мен "сторидағы" психологиялық шабуылдар жанкүйерлерін екіге бөлді.
Сол тартыстың кульминациясы «Бірінші бол» подкастының эфирінде орын алды. Жүргізуші жекпе-жек алдындағы психологиялық дайындықты сұраған сәтте, Ануар мен Мұхит сөзге келіп, бір-бірін жеке сипатта сынай бастады. Бірнеше минут ішінде әңгіме эмоцияға ұласып, студияда итеріс, қол сермеу, ашық төбелес болды.
Кадр сыртындағы продюсерлер мен команда мүшелері жанжалды тоқтатуға мәжбүр болды. Подкаст жазбасы кейіннен әлеуметтік желіде жария болды.
Ануар Мотиватор — спортшы әрі блогер танылса, Мұхит Амантаев — бұрынғы кәсіпқой спортшы. Екеуі арасында соңғы айларда әлеуметтік желіде өткір пікір алмасулар жиілеген.
Көпшілік бұл жекпе-жекті қарапайым шоу емес, екі дүниетанымның қақтығысы ретінде қабылдауда: бір жағында мотивация мен сөздің күші, екінші жағында физикалық дайындық пен әрекет.
Жекпе-жек маусым айының алтысына жоспарланған. Екі тарап та дайындықтарын жалғастыруда.
“Мотиватор стойкада шамасы жетпейтінін біліп күресіп кетен ба
“Чо там Постановка ма тағы”
“Конор кіріп келема деп едім шақыргасын”