
Олимпиада чемпионы футбол алаңында да көзге түсті.
Танымал өзбекстандық боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов Instagram парақшасында ерекше видео жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды. Видеода ол футбол ойынында екі қорғаушыны шеберлікпен алдап өтіп, әдемі гол соқты.
Жазба астында Джалолов: "Ұсыныстар бар ма?" — деп жазып, Испанияның әйгілі "Реал Мадрид" клубының парақшасын белгілеген. Бұл боксшының әзіл-шыны аралас футболдағы әлеуетін көрсеткісі келген әрекеті болуы мүмкін. Дегенмен спортшының осындай креативті видеолары оның көпқырлы екенін дәлелдейді.
Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль иеленгеннен кейін Баходир кәсіби боксқа бет бұрды. Қазір оның кәсіпқой рингтегі нәтижесі де көңіл қуантады: 15 жекпе-жекте 14 жеңіс, оның 14-і нокаутпен аяқталған.
Джалолов соңғы кездесуін 5 сәуір күні Астанада өткізді. Ол украиналық суперауыр салмақтағы Игорь Шевадзуцкийге қарсы төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.