Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Жас Головкиннің" келесі жекпе-жек уақыты мен қарсыласы анықталды

Редактор Penalty.kz
20.05.2025, 08:31

Қазақстандық боксшы Виктор Темиров келесі кездесуіне дайындықты бастап кетті. "Қасапшы" лақап аты мен жас Геннадий Головкинге ұқсастығы оны неміс жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналдырып келеді.

dknews.kz
dknews.kz

Жекпе-жек күні мен орны белгілі болды

BoxRec.com мәліметіне сәйкес, Виктор Темиров 14 маусым күні Германияның Ганновер қаласында рингке оралады. Оның қарсыласы – Польша елінің өкілі Матеуш Павловски (3 жеңіс, 5 жеңіліс, 2 нокаут) болады. Бұл бірінші орта салмақта өтетін алты раундтық кездесу болады.

2025 жылғы екінші айқас

Темиров үшін бұл 2025 жылғы екінші жекпе-жек болмақ. Ол бұған дейін 12 сәуір күні Германияның Квакенбрюк қаласында поляк боксшысы Адам Цеслякты (8-25-1, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, жанкүйерлерді тәнті еткен еді.

"Қасапшы" мен Головкиннің ұқсастығы

Кәсіби рингте "қасапшы" лақап атымен танылған Темировты неміс жанкүйерлері Геннадий Головкиннің жас шағындағы нұсқасы ретінде қабылдай бастады. Бұл кездейсоқ емес. GGG де дәл осы Германияда кәсіби мансабын бастаған. Жойқын соққы, батыл тактика және рингтегі мінез – Темировтың да бойынан осы қасиеттерді көруге болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір