
Аман Қонысбеков техникалық нокаутпен финалға шықты. Бұдан бөлек тағы үш қазақстандық жас боксшы да алтын үшін таласады.
Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы төрт өкілі финалға шықты.
Жартылай финалдың басты шайқастарының бірі 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Бұл кездесуде ерекше көзге түскен – 2024 жылы Қазақстан азаматтығын алған Аман Қонысбеков. Өзбекстанда туған спортшы Вьетнам боксшысы Пхам Данг Лууні бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтып, алтын медаль үшін жекпе-жекке жолдама алды.
Айта кетейік, осыған дейінгі алғашқы сессияда да Қазақстан құрамасынан төрт боксшы финал жолдамасын жеңіп алған болатын. Осылайша, біздің елдің жас былғары қолғап шеберлері Азия чемпионатында жалпы сегіз финалға қатысады.