47:1. Қазақстан Азия чемпионатында Өзбекстанды шаң қаптырып кетті
Шри-Ланка астанасы Коломбода өтіп жатқан жастар мен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан басым түсіп, нағыз көшбасшы екенін дәлелдеді.
Instagram/@boxingkazakhstan
47 финалист — теңдессіз нәтиже
Қазақстан құрамасы финалға бірден 47 спортшысын шығарып, өзге елдерден бірнеше есеге озды. Бұл — тек жеңіс емес, елдегі бокс мектебінің қуаты мен жүйелі дайындықтың айғағы.
Орталық Азиядағы басымдық
Қырғызстан 13 финалистімен екінші орынды еншіледі. Үшінші орында — Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) атынан өнер көрсеткен Үндістан құрамасы. Олардың қоржынында — 11 финалист.
Қалған елдердің көрсеткіші
- Тәжікстан — 8 финалист
- Вьетнам — 6 финалист
- Шри-Ланка — 5 финалист
- Ауғанстан — 3 финалист
- Моңғолия мен Таиланд — әрқайсысы 2 финалист
- Пәкістан (IBA), Сауд Арабиясы мен Өзбекстан — тек 1 финалистен
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet