Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Иэн Гэрри: "Рахмонов пен өзгелер Махачевке жол беруі керек"

Редактор Penalty.kz
23.05.2025, 08:58

UFC жартылай орта салмағында өнер көрсететін ирландиялық файтер Иэн Гэрри (16-1) дивизиондағы әріптестеріне үндеу жасап, чемпиондық айқасқа жаңадан көтерілген ресейлік Ислам Махачевке (27-1) жол беруге шақырды. 

bizmedia.kz
bizmedia.kz

Рахмоновтың сәтсіздіктері

Шавкат Рахмонов (19-0) ұзақ уақыт бойы чемпиондық белбеуге басты үміткер саналып келді. 2024 жылдың желтоқсанында ол Белал Мухаммадпен (24-4) жекпе-жекке шығуы тиіс болатын. Алайда қарсыласының жарақатына байланысты бұл кездесу өтпей қалды. Оның орнына октагонға Иэн Гэрри шығып, қазақстандық Рахмоновқа төрешілер шешімімен есе жіберді.

2025 жылдың мамырында жекпе-жек қайта жоспарланғанымен бұл жолы жарақат Шавкаттың өзінен шықты. Оның орнына аустралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) шығып, күтпеген жерден жаңа чемпион атанды.

Махачевтің араласуы және Уайттың шешімі

Бастапқыда UFC президенті Дана Уайт чемпиондық белбеуді дәл Рахмоновқа қарсы қорғаймыз деп уәде еткен. Алайда жеңіл салмақта доминантты көрсеткішке ие болған Ислам Махачевтің салмақ ауыстыруы бұл жоспарды өзгертіп жіберді. Ақыры титулды айқас Махачев пен Маддалена арасында өтуі керек деген шешім қабылданды.

Гэрридің көзқарасы

Иэн Гэрри бұл өзгерісті әділетті деп санайды. Ол жартылай орта салмақтағы барлық файтер, соның ішінде Шавкат Рахмонов та, Ислам Махачевке жол беруі тиіс екенін алға тартты:

"Барлығы шегініп, Исламға лайықты құрмет көрсетуі керек", — дейді Гэрри Marca басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Махачев пен Маддалена жекпе-жегі ұйымдастырылмаса, Гэрри титул үшін айқасуға дайын екенін де мәлім етті.

Айта кетейік, қазіргі чемпион Джек Делла Маддаленаның белбеуді алғаш рет қашан қорғайтыны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Жартылай орта салмақтағы бұл өзгерістер UFC жанкүйерлерін елеңдетіп, алдағы айқастардың маңыздылығын арттырып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір