Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Махачев – Топурия жекпе-жегінің фавориті аталды

Редактор Penalty.kz
23.05.2025, 10:54

Жалғас Жұмағұловтың айтуынша, бұл шайқаста жеңіс ақылмен ойнайтын Ислам Махачевке тиесілі болмақ.

Orda.kz
Orda.kz

UFC-де өнер көрсеткен танымал қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов болашақта өтуі мүмкін Ислам Махачев пен Илия Топурия арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, бұл тартыста Махачев басым түсуі мүмкін.

“Ислам – ақылмен жұмыс істейтін спортшы”

Betonmobile порталына берген сұхбатында Жалғас Жұмағұлов былай деді:

«Махачев пен Топурия арасындағы шарықтау шегіне жетіп қалды. Бұл тартыс ерте ме, кеш пе рингте шешілуі мүмкін. Ислам өте ақылды, тактиканы мықты меңгерген спортшы. Оның күресі жоғары деңгейде, ал командасы – тәжірибелі. Олар Топурияға қарсы дұрыс шешім таба алады. Сондықтан мен бұл жұпта фаворит ретінде Исламды көремін.»

Махачев пен Топурия: интернеттегі соғыс

Қазірдің өзінде екі файтер әлеуметтік желіде өзара айтысып, жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызуда. Жекпе-жектің нақты өту күні белгіленбесе де, бұл текетірес интернет майданына айналып үлгерді.

Жекпе-жек әзірге болмайды

Қазіргі таңда бұл жұптың кездесуі мүмкін емес:

  • Ислам Махачев — жеңіл салмақ титулынан бас тартып, жартылай орта салмақтағы чемпион Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жек өткізеді.

  • Илия Топурия — вакантты жеңіл салмақ белбеуі үшін Чарльз Оливейрамен кездеседі.

Яғни, әрқайсысы жеке бағытта чемпиондық деңгейдегі жекпе-жекке дайындалып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір