Бұл нағыз нокаут! Қазақстан Азия чемпионатында ешкімге мүмкіндік қалдырмады (ВИДЕО)
Бокстан 10-24 мамыр аралығында Коломбода (Шри-Ланка) U-22 Азия чемпионаты мәресіне жетті.
instagram/@boxingkazakhstan
Финалдағы жеңістер тізімі
Қазақстан құрамасы бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында жарқын жеңіске жетіп, 10 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді қанжығасына байлады.
Рингке шыққан қазақстандықтар мына салмақ дәрежелерінде чемпион атанды:
- 48 кг — Нұрхан Құмарбеков
- 51 кг — Досымжан Таңатар
- 54 кг — Алдияр Баһадүр
- 57 кг — Нығман Нығмет
- 60 кг — Әділет Төртүбек
- 63.5 кг — Мұхит Нұрқабылұлы
- 67 кг — Сұлтан Тұрдәлі
- 80 кг — Игорь Соловьёв
- 92 кг — Расул Асанханов
- +92 кг — Бексұлтан Қайратұлы
Сонымен қатар:
- 75 кг — Жасұлан Бердәлі — күміс жүлде
- 86 кг — Нұрсұлтан Қыстаубай — қола жүлде еншіледі
Айта кетейік, бұған дейін қыздарымыз барлық 12 салмақта топ жарды.
“Алтын” саны бойынша жалпы көрсеткіш:
- Қазақстан – 22 алтын
- Тәжікстан – 2 алтын
- Қырғызстан – 1 алтын
Салыстырмалы түрде 2024 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында жастарымыз 11 алтын (қыздар – 6, ұлдар - 5 ) еншіледі.
Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet