
Шри-Ланкадағы Коломбо қаласындағы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты Қазақстан үшін жарқын жеңіспен аяқталды.
Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері 22 мамыр күні өтті. Қазақстандық арулар рингте өздерінің мықтылығын дәлелдеп, 9 алтын медаль еншіледі, ал олардың алтауы техникалық нокаутпен келген жеңістер.
48 кг. Ақбота Болат - Махи Сивач (Үндістан) 2:3 — жеңіліс
50 кг. Гүлнәр Тұрапбай – Тхи Нгок Тран Нгуен (Вьетнам) 0:5 — жеңіліс
52 кг. Томирис Мырзақұл – Нган Сонг Тхи Ким (Вьетнам) 2:3 — жеңіліс
54 кг. Элина Базарова – Чук Нго Тхи Май (Вьетнам) 5:0 — жеңіс
57 кг. Виктория Байдукова – Нэнси (Үндістан) Тех. нокаут (2-раунд)
60 кг. Анар Тұрсынбек – Хангома Исоева (Тәжікстан) Жеңіс — жарақатқа байланысты тоқтатылды
63 кг. Аружан Жаңабаева – Мудиянсе Наякаратхна (Шри-Ланка) Тех. нокаут (1-раунд)
66 кг. Ұлдана Таубай – Химанши (Үндістан) 5:0 — жеңіс
70 кг. Бақыт Сейдіш – Мөлдір Ержан (Моңғолия) Тех. нокаут (1-раунд)
75 кг. Шұғыла Нәлібай – Нарасингха (Шри-Ланка) Тех. нокаут (1-раунд)
81 кг. Жібек Жарасқызы – Накандалаге (Шри-Ланка) Тех. нокаут (1-раунд)
81+ кг. Әсел Тоқтасын – Пайял Джахар (Үндістан) Тех. нокаут (2-раунд)
Финалдағы басты тосын жайт – Гүлнәр Тұрапбайдың (50 кг) жеңілісі болды. Ол 2023 жылғы Азия чемпионы ретінде рингке шыққанымен вьетнамдық қарсыласына 0:5 есебімен жол берді. Сондай-ақ, Ақбота Болат пен Томирис Мырзақұл та тартысты кездесулерде жеңісті қолдан шығарып алды.
Қазақстандық спортшы қыздардың алтауы қарсыластарын техникалық нокаутпен жеңіп, чемпионаттың шын мәніндегі “нокаут фестиваліне” айналуына ықпал етті.
Бүгін, 23 мамыр, ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстанның ұлдар құрамасы да медаль үшін күреске шығуға дайын.
Кеше өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінде де Қазақстан спортшылары 22 алтын медаль жеңіп алған еді — 12-і қыздардан, 10-ы ұлдардан.