
Қарсылас - IBO белбеуінің иегері, ирландиялық боксшы Энтони Какейс.
Ирландиялық IBO чемпионы Энтони Какейске қазақстандық жеңілмеген боксшы Сұлтан Зауырбекпен жекпе-жек өткізу ұсынылды. Бұл ұсынысты поляк спорт шолушысы Лукаш Фенрих Thefight-site.com платформасында жариялады.
Бокстан еуропалық сарапшы Лукаш Фенрих әлеуметтік желідегі парақшасында келесідей жазба қалдырған:
“Мен Энтони Какейстің Сұлтан Зауырбекпен жұдырықтасқанын қалаймын. Бұл жекпе-жек оған қалаған қаржыны әкелмейтінін түсінемін, бірақ бұл – тамаша кездесу болар еді”.
Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) — екінші жартылай жеңіл салмақтағы IBF Inter-Continental белбеуінің иегері. Ол кәсіпқой мансабында әлі жеңіліп көрмеген және әлемдік рейтингте тұрақты өсіп келе жатқан проспект.
Оның лақап аты — “Қазақ королі”, ал стилі — шапшаң, техникалық және дәл соққыларға негізделген.
Энтони Какейс – 2-орында
Сұлтан Зауырбек – 11-орында
Екі боксшы да екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді және әлемдік титулдар үшін күресуге лайық.