Азия чемпионаты: Қазақстанның жастар құрамасы қарсыластарын шаң қаптырып, 10 алтынмен елге оралды (ВИДЕО)
10–24 мамыр аралығында Коломбо қаласындағы (Шри-Ланка) 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы толық үстемдік көрсетті.
instagram/@boxingkazakhstan
12 финал – 10 алтын, 2 күміс: Жастар құрамасының тарихи жетістігі
Қазақстандық боксшылар 13 салмақ дәрежесінің 12-сінде финалға шығып, нәтижесінде:
- 10 алтын медаль
- 2 күміс медаль
- ие болды.
Тек Кенже Мұратұлы (54 кг) алғашқы кезеңде қарсыласына жол беріп, жүлдесіз қалды.
| 1-орын | Тілеуберді Сүлеймен | 48 кг |
| 1-орын | Диас Берікбай | 51 кг |
| 1-орын | Жасырбек Анарбаев | 57 кг |
| 1-орын | Нұрислам Қалдыбаев | 60 кг |
| 1-орын | Бақтияр Анарбаев | 67 кг |
| 1-орын | Ағажан Қадыр | 71 кг |
| 1-орын | Аман Қонысбеков | 75 кг |
| 1-орын | Бақберген Әлиасқаров | 80 кг |
| 1-орын | Ибрагим Бетаев | 86 кг |
| 1-орын | Азатбек Жолдасхан | 92 кг |
Күміс жүлдегерлер
| 2-орын | Сералы Жолмағамбетов | 63,5 кг |
| 2-орын | Ерсұлтан Сапар | +92 кг |
Чемпионатқа 19 елден 74 спортшы қатысқанымен, толық құраммен тек Қазақстан өнер көрсетті. Бұл – ел спортының стратегиялық жоспарлау мен дайындығының нақты жемісі.
Өзбекстан Азия біріншілігін бір күміспен аяқтады
Бәсекелестердің арасында Өзбекстан құрамасының нәтижесі көңіл көншітпеді — небәрі 1 күміс медаль. Бұл Қазақстан құрамасының шынайы көшбасшылық рөлін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet