
Қазақстан боксы Азия аренасында тағы да биіктен көрінді. Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында отандық спортшылар ел абыройын асқақтатты.
Азия бокс конфедерациясы (ASBC) турнир қорытындысы бойынша ең үздік боксшыларды анықтады. Ерлер арасында үздік атағы Қырғызстан спортшысы Мырзакир Қошалиевке бұйырды. Ол аса ауыр салмақтағы финалда отандасымыз Ерсұлтан Сапарды жеңіп шықты.
Ал әйелдер арасында ең үздік боксшы атағын қазақстандық Элина Базарова иеленді. 54 келіге дейінгі салмақтағы алтын жекпе-жекте Элина Вьетнамнан келген Тхи Май Чук Нгомды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті:
Ал бұған дейін өткен 22 жасқа дейінгі жас боксшылар арасындағы жарыста Қазақстан 19 алтын мен 5 күміс медаль еншілеген.