Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Данияр Елеусінов Канело мен Кроуфорд айқасының андеркардында жұдырықтасады

Редактор Penalty.kz
27.05.2025, 10:58

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық TKO Boxing лигасындағы дебютін әлем назарын аударған Канело – Кроуфорд кешінде өткізуі мүмкін. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Алиев мәлімдеді,

xsport.ua
xsport.ua

Елеусіновтың соңғы жекпе-жегі және жаңа лигаға өтуі

Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыда өткізген. Ол бесінші раундта филиппиндік Джо Нойнаяны техникалық нокаутпен жеңіп, WBC Peace тұжырымы бойынша белбеу иегері атанған. Бұл жеңіс оның кәсіпқой мансабында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Биыл Данияр UFC президенті Дэйна Уайт пен бокс саласының ірі инвесторы Турки әл аш-Шейх негізін қалаған TKO Boxing лигасына шақырту алды. Бұл ұйым қазіргі таңда 130-дан астам мықты спортшыны қамтиды.

“Данияр шілде айында АҚШ-та өтетін бой қыздыратын (разогревочный) жекпе-жекке қатысады. Ал қыркүйекте Канело мен Кроуфордтың суперкешінде рингке шығуы ықтимал. Бұл оның лигадағы алғашқы айқасы болады”, – дейді Алиев.

TKO Boxing – UFC стиліндегі жаңа промоушен

Жаңа лига UFC форматына негізделген. Онда өз белбеуі, ішкі рейтинг жүйесі мен жарнамалық стратегиясы болады. Алиевтің айтуынша, Елеусіновпен толыққанды келісімшарт жасалған, оның ішінде бонустар мен басқа да артықшылықтар қарастырылған.

“Егер Ryadh Season тарапынан топ-боксшылармен, мысалы Джарон Эннис не Шахрам Гиясовпен айқас өткізуге ұсыныс түссе, біз лигадан тыс та жекпе-жек өткізе аламыз”, – деді менеджер.

Данияр Елеусінов. ФОТО: exclusive.kz

Канело – Кроуфорд: бокс әлемінің басты айқасы

13 қыркүйекте мексикалық Сауль “Канело” Альварес пен америкалық Терренс Кроуфорд арасында супержекпе-жек өтеді. Әзірге айқастың өтетін орны нақты белгісіз.

Бұл кеш бокс әлеміндегі басты оқиғалардың бірі болмақ. Егер Елеусінов осы кардқа кірсе, бұл оның әлемдік аренадағы статусын арттырып, жаңа деңгейге көтеруі әбден мүмкін.

Данияр Елеусінов – соңғы Олимпиада чемпионы

Айта кетейік, Данияр Елеусінов – Қазақстан боксы тарихындағы соңғы Олимпиада чемпионы. Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы ойындарда алтын медаль жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір